Мемлекет тарапынан қолдау тоқтатылған емес

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңТөтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлығын толық оқып шықтым.

Осы ретте вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей тұрғаны бәрімізге мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта етек алып, кеңінен тарап кетпеуі үшін карантинге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Себебі карантин режимі бұзылса, індетке шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін екенін Мемлекет басшысы атап айтты.

16-наурыздан бастау алған карантин уақытында мемлекет тарапынан қолдау ешқашан тоқтатылған емес. Мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылды. Қауіп-қатерге қарамай көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіруіміз қажет.

Елбасы Н. Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деп бірлесуге шақырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын қолдай отырып, жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңетінімізді айтқым келеді.

М.Шубаева,

«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.