Мойынқұмда ахуал тұрақты

0

Мойынқұм ауданында төтенше жағдай кезеңіндегі ахуалды бақылау және инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік топ құрылған. Жұмыс барысында топ мүшелері 437 нысанды ауданда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күнделікті сауда орталықтар мен дүкендердегі азық түлік бағаларының көтерілмеуіне мониторинг жүргізіліп отыр. Сондай — ақ тұрғындарға себепсіз жүрмей туралы ескерту мен хабарландырулар жасалды. Жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Аудан тұрғындарының себепсіз жүруін азайту мақсатында бекеттер қойылып, ауылға кіру мен шығуына тосқауыл қойылып, аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің бақылауында.

Жамбыл облысында ТЖ кезінде ашылған Мойынқұм ауданы Бірлік ауылындағы блокпостқа жауапты аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ү.Айнақұлов және ауыл әкімі Қ.Көпбаев бектілді. Блокпоста 1 шатыр, 1 тұрмыстық темір вагон және 3 бейнекамера орнатылды. Сондай-ақ, байланыс телефоны тартылып, интернет жүйесі WI-Fi қосылды.

Мойынқұм 1 және Мойынқұм 2 бекетке жауапты аудандық полиция бөлімінің орынбасары М.Кадыркулов, аталған 2 бекетте 2 тұрмыстық темір вагон, 5 арнайы көлік, 5 бейне жазба және радио байланыс бар.

Мыңарал 1 және Мыңарал 2 бекетке жауапты учаскелік инспектор А.Камиев, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ембергенов. Мыңарал 1 бекетінде 1 тұрмыстық темір вагон, 1 арнайы көлік бар, ал Мыңарал 2 бекетте 1 көлік Зил-131 және арнайы 1 көлік бар.

Ұланбел ауылындағы бекетке жауапты учаскелік инспектор Ж.Маралбаев, ауыл әкімі Қ.Белгішев. Бектетте 1 тұрмыстық темір вагон және арнайы 1 көлік бар.

Аудан бойынша 16 округте жеке кәсіпкерлер қолайлы материалдармен маскалар жасап, күніне 1330 дана бетперде өткізуде. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылынын «Super Pharm» ЖШС-дан 10 мың дана медициналық бетперде әкелініп, ауылдық округтерге таратылды.

Ауданда ерікті жастарының саны — 70, жас белсенділер індет ауруының алдын алу және сақтану туралы 5000-нан аса парақшалар таратылды.

Жалпы аудан бойынша 16 ауылдық округте 24 елді мекен бар. Аудан бойынша 3 мекеме дезинфекция жұмыстарын күніне 2 рет жүргізеді. Бүгінгі күнге елді мекендердегі 110 көшеге, 370 аулаға дезинфекция шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстарға есепте тұрған 223 жұмыссыз азамат тартылды.

Жалпы аудан бойынша дезинфекциялау жұмыстарға 22,0 млн теңге қаражат қарастырылды.

Көктемгі егіс дала жұмыстары.

  Биыл аудан бойынша 5 408 суармалы алқап игерілу жоспарлануда. Оның ішінде, Кеңес ауылдық округінде — 1 515 гектар, Бірлік ауылдық округінде — 1 445 гектар, Биназар ауылдық округінде — 575 гектар, Қызылтал ауылдық округінде — 1 190 гектар, Қызылотау ауылдық округінде — 387 гектар, Жамбыл аулдық округінде — 65 гектар, Мойынқұм ауылдық округінде — 41 гектар және Қылышбай ауылдық округінде — 190 гектар.

Аса басымдық беріп отырған ауыл шаруашылық дақылдары дәндік жүгері — 1 325 гектар, тары — 420 гектар, арпа — 250 гектар, жаңа жоңышқа — 545 гектар, бақша — 408 гектар, картоп — 101 гектар, көкөніс — 196 гектар.

Бүгінгі таңға 2583 гектар жер жыртылып дайындалды, 250 гектар жерге арпа (жоспар 250 га), 545 гектар жерге жоңышқа (жоспар 545) себілді. Көктемгі дала жұмыстарын атқаратын техникаларды арзандатылған жанар жағар маймен қамтамасыз ету үшін оператор жеке кәсіпкер «Есенқожаев» белгіленген. Бағасы 160 теңге.

Бүгінгі күнге көктемгі егіс дала жұмыстары 60 пайызға орындалды.

 Баға бойынша

   Қазақстан Республикасының сауда және экономика Министрліктерінің бірлесіп шығарған «Азық түлік бағаларының шекті бағасын» белгілеу туралы бұйрығына сәйкес аудан көлемінде орналасқан сауда орындарында арнайы құрылған штаб тарапынан түсініктеме жұмыстары жүргізіліп отыр.

Сауда саттық орындарында азық-түлік қоры тұрақты бақыланып, назарда ұсталып отыр. Ешқандай азық — түлік түрінен тапшылық байқалмайды. Жеке кәсіпкерлер қажетті азық-түліктерді және медициналық препараттарды Тараз қаласынан жеткізгендіктен бүгінгі күнге арнайы құрылған базаға енгізіліп, облыстық штабқа жіберілуде.

Азық — түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Бүгінгі күнге елімізде орын алып жатқан «Төтенше жағдайға» байланысты кейбір тауар бағаларының көтерілуіне байланысты аудан әкімінің атынан Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасына және «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на 36,5 тонна қант, 20 тонна ұн, 6 тонна картоп және 5 тонна пиязға сұраныс хат жолданды.

Оның ішінде: Мойынқұм ауылы 29 тонна қантқа, Кеңес ауылдық округі 2 тонна, Биназар 0,4 тонна, Қылышбай 1,6 тонна, Хантау 3 тонна, Қызылтал 0,5 тонна, қантқа тапсырыс беріп отыр.

Аталған тауарларды жеткізу үшін ауа райының қолайсыздығы кедергі болып отыр. Қазіргі жағдайда Ә.Кемелькулова («Қожа Ахмет» дүкені) 5 тонна қант жеткізіп, 200 теңгеден сатуда.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалған тауарларды жеткізуге мүмкіншілік болмай отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.