Көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүруде

0

Ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығы аудан экономикасының дамуына ерекше әсер ететін салалардың бірі. Күн жылынып, жердің сызы кеткен шақта, шаруалар кетпедерін иықтарына салып, егін алқаптарынан табылуда. Аудан диқандары алдымен жоңышқа, арпа себуді қолға алса, енді жүгері егу жұмыстарында бастап кетті.
Аудан бойынша былтырғы жылы 5054 га суармалы егістіктің, 1000 гектарына жүгері тұқымын егіп, шаруалар үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Шаруалар енді егістік алқаптар ұлғайтуды көздеп отыр.
Қазірігі уақытта Бірлік, Қызылтал ауылдық округтерінің шаруалары егістік алаңдарында техникаларын жұмылдырып, ертеден кешке дейін егістік жерлерін жыртуға білек сыбана кірісіп кеткен.
Биыл аудан бойынша 5408 гектар суармалы алқап игеру көзделіп отыр. Оның ішінде Бірлік ауылы бойынша 1445 гектар, Қызылтал ауылдық округі бойынша 1190 гектар суармалы алақап. Негізінен аса басымдық беріп отырған ауылшаруашылық дақылдары дәндік жүгері (1325 га), тары (420 га), арпа (250 га), жаңа жоңышқа (545га), бақша (408 га), картоп (101га) және көкөніс (196 га) өнімдері. Бүгінгі таңда 2583 гектар жер жыртылып, дайындалу үстінде, оған арпа (250 га), жоңышқа (545 га) себілген, қалған жерге басқа өнімдер егілуде.
Егіннен мол өнім алудың кепілі сапалы тұқым егуде жатыр. Қазірдің өзінде 50 тонна 1 сұрыпты «Бәйшешек» жаздық арпа, 26,5 тонна 125 күндік «Каз 3П777», «Тұмар 539» жүгері тұқымы, 8,4 тонна қызыл тары, 13,6 тонна «Семиречинский-74» жоңышқа, 202 тонна картоп тұқымы алынды. 2019 жылмен салыстырғанда 334 гектар суармалы жер ұлғайтылды. Суармалы алқаптарды тұрақты ағын сумен қамтамасыз ету үшін гидроқондырғылар жөндеуден өткізілді. Сәуір айының басынан бастап егін суы беріле бастады.
Биназар ауылындағы тоғандардағы 3 гидроқондырғы, Бірлік ауылында 2, Айдарлы ауылында 3 гидроқондырғы салынды. Бұл жұмыстарды жеке кәсіпкер Ж.Алыпбаевтың құрылысшылары сапалы атқара білді. Қазіргі кезде көп жылдық жоңышқа, жүгері егілуде. Ал бақша дақылдары күн қыза бастағанда егілетін болады. Бүгінде оған дайындық жұмыстары басталып кетті.

Қуаныш Қайырғалиұлы,
Мойынқұм ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.