Сарысу ауданында ахуал тұрақты

0

Сарысу ауданында коронавирус індетінің алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы
(2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай)

Төтенше жағдай енгізілгелі ауданда (облыстық маңызы бар жолдарда)3 негізгі бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін бекеттерден 6686 көлік пен 13799 адамның өтуі тіркелген.
Жалпы, сақтық шараларын сақтау мақсатында көрші облыс-аудандармен арада және елді мекендер арасында барлығы 11 бақылау бекеттері қойылған. 12 жерденаудандық маңызы бар жолдар уақытша жабылды.
Барлық бақылау бекеттері полиция, медицина, әкімдік өкілдерінен бөлек, аумақтық қорғаныс взводынан құралған (20 адам) әскери міндеттілердің жеке құрамымен күшейтілген.
Одан бөлек, аудандық жедел штабжәне қосымша 7 шұғыл әрекет ету топтары тәуіліктік режимде жұмыс істеуде.
Ауданында карантиндік режимді бұзуды анықтау барысында жүргізілген рейдтік іс шара барысында барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 186 әкімшілік құқық бұзушылық орын алып, оның ішінде 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, аудандық сотпен құқық бұзушылар әкімшілік қамақа алынды.
Кодекстің 476 бабы (төтенше жағдай кезінде мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау) бойынша барлығы 38 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, сот шешімімен 16 тұлғаға 10 АЕК айыппұл салынып, 8 хаттамалық ескерту берілді. 14 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралуда.
Күнделікті дезинфекцияланған аумақ1596,0 мың шаршы метрден асты. Көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға барлығы — 63 адам (қоғамдық жұмысшы), тиісті кәсіпорындардан 6 техника тартылды.
Енгізілген шектеу шаралары туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында қала еріктілерінен қосымша 10 топ жасақталып, дыбыс күшейткіштер арқылы халық көп жүретін орындар, шағынаудандар мен көшелерде ескерту жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық газетте -150, әлеуметтік желілерде — 1886 ақпараттық материал жарияланды.
Ауданда мейрамханалар,көңіл көтеру орындары жабық. Барлық кәсіпкерлергеқауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде санитарлық қызметпен ескерту берілген. Дүкендерге бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ.
Мобильдік топтың зерделеуі барысында негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол берген 8 кәсіпкерге қатысты материал (бәсекелестікті қорғау департаментіне)құзырлы органға жолданды.
Бұған қоса, бағаның өсуіне жол бермеудің бір құралы ретінде, Тараз қаласындағы тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада ауданға 30 тонна құмшекер жеткізілді.
Жаңатас қаласындағы 12 ірі сауда дүкендерінің иелерімен сатылу бағасы көрсетіле отырып меморандум жасалды (Шадияр, Еламан, Ержан, Ақбұлақ, Шолпан, Шоқан, Альасад, Әділет, Мэлс, Рахат, Салтанат, Бақытжан ірі сауда нүктелері). Бекітілген 9 тауардың 7-уі келісімді түрде шекті бағадан асырылмай сатылуда.
Сәуір айының басынан бері шалғайда жатқан Досбол, Тоғызкент және Қамқалы ауылдық округтерінде2 мәрте жылжымалы азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Тұрғындар сұранысына сәйкес, сұйытылған газ тасмалдайтын арнайы автоцестерна Түркістан, Қамқалы, Досбол, Тоғызкент ауылдық округтерін қамтыды.
Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта (30.04.2020 ж. жағдай), дүкендердің қоймасында 97 т. ұн, 43 т. қант, 16 т. күріш, 8 т. картоп және т.б. азық-түлік түрлері бар.
Халықтың тыныс-тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Сергек-блокпост» ақпараттық жүйесіне бақылау бекеттерінен тоқтаусыз өту үшін 509көлік базаға енгізілді.
Еріктілер тарапынан ауылдарда 21 тігін орны ұйымдастырылып, бүгінде 14220 бетперде таратылды. 4500-ге жуық бетперде қорда тұр.
Осы уақытқа дейін «Біз біргеміз» акциясы аясында демеушілер тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж535 отбасына — 7 млн. 684 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Төтенше жағдайға байланысты 42500 әлеуметтік төлем алғандарсаны-8300.
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге төлеу бойынша арнайы колл-центр номері (5-00-69, 5-02-21) жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда, төлем жасалатын 650 адамның тізбесі жасақталды.
Ауданда 27 мектепте 8886 оқушы (11 мектепте — 6687 оқушы қашықтықтан, 16 мектепте — 2199 оқушы телеарна арқылы) оқуда. Онлайн оқуды ұйымдастыру үшін134 компьютер мұғалімдерге, 317 компьютер аз қамтамасыз етілген отбасыларға (қабылдау-өткізу актісі арқылы) таратылып берілді.
2020 жылғы 27 сәуірдегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне сәйкес, төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартылды. Яғни, қалыпты жағдай сақталса мамыр айының ортасына дейін төтенше жағдайдың аяқталуы күтіліп отыр.
Қазірдің өзінде,карантиндік шараларды жеңілдету мақсатында облыстық жедел штабтың 28.04.2020 жылғы№2 шешіміне сәйкес, аудан орталығында 10 кәсіпкерлік нысан жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, шешімге сәйкес күнделікті (сағат 10.00-12.00 және 17.00-20.00 аралығында) үй маңында 3 адамнан аспайтын топта серуендеуге рұқсат берілді.
Ауданда инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.