Қарабалаев ағаш отағандарды оңдырмай жазалады

0

Кешелі бері әлеуметтік желі бетіндегі ағаштарды кесіп жатқан бейнесюжет таралды. Әлеуметтік желі бетіндегі бейнесюжет жарияланған сәтте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Сейфуллин көшесіне жетті. Талдарды аяусыз отағандарға іс қозғауға тапсырма берді.
Анықталғандай «Талас «мөлтекауданы №17 үйдің жанындағы қауіпті 27 ағашты жасарту мақсатында төбелерін қысқартуға әкімдіктің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан 20 наурызда рұқсат берілген. Алайда,кәсіпкер өзім білемдікке салып ағаштарды түбінен отап тастаған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан кәсіпкердің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Жергілікті полиция мен орман шаруашылығы мамандары келтірілген залал мөлшерін анықтауда. Кәсіпкерге келтірілген залал үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай ақ Абай даңғылы мен Ташкент көшесінің қиылысындағы «Golpass» мейрамханасы алдындағы кесілген ағашқа байланысты қала әкімі барлық құзырлы орган мамандарын көрсетілген мекенжайға жинап, ағашты кескендерді тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартуға тапсырма берді. Атап өтсек, мұндағы талды түбінен кесуге әкімдік тарапынан ешқандай рұқсат берілмеген.
Мейрамхана қызметкерлерінің айтуынша алғашқыда ағашты ортасынан, бірнеше күннен кейін түнде баз біреулер түбінен кесіп, бұталарын тастап кеткен. Көше бойында шашылған бұтақтарды алдағы күні «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-гінің қоғамдық жұмысшылары шығарған.Қазіргі таңда құзырлығы органдар іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Қалай болғанда да жасыл желекті құзырлы органның рұқсатынсыз, орынсыз отап, кескендер қатаң жазаға тартылады.
Анығы сол ешкім жазадан құтылмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.