Қала әкімдігі мерекеге қарамай қарабаласуда

0

Қалада мереке күніне қарамастан жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Абай даңғылынан Көшеней көшесіне дейінгі аралықты былтырғы жылы «Таразтрасэнерго» мекемесі жылу құбырын жүргізу жұмыстарын атқарған. Қыс бойы жүргізушілердің тоқылдақ жолмен жүріп, мезі болғаны бәрімізге мәлім. Бүгін осы даулы мәселенің түйіні шешілуде. Мердігер техникаларын қойып, жолдарға асфальт төсеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерінің шағымы көп айтылған Әйтиев көшесінің Қазыбек би көшесінен-Қонаев көшесіне дейінгі аралығындағы жолды асфальттау жұмыстарын «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі жүргізуде. Жалпы ені 11-12 метр болатын көшенің 570 метр жол бөлігі жөнделеді. Осындай жөндеу жұмыстарын «Ая-Сервис» ЖШС-гі Байзақ батыр көшесінде жүргізуде. Серіктестік Төле би көшесінен-Ташкент көшесіне дейінгі аралықты асфальттау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Жұмыстың басында қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың өзі жүр. Салынып жатқан жолдың барысын бақылап, мердігерге бітіру мерзімін белгілеп беруде.

Жалпы 2020 жылы қала бойынша қаланың 90 шақырым жолын жөндеу бойынша 100 жоба жүзеге асырылады. Бұл деген сөз — 96 көше (81 км), Б.Момышұлы, Абай даңғылы, Желтоқсан-Қазыбек би, Қойгелді-Қонаев көшелері бойында жаяу жүргіншілер жолағы салынады деген сөз. Астын сызып айта кетер жайт, айтылған көшелердің 80 пайызында бұрын-соңды асфальт болмаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.