Татулықтың тұғыры биік

0

Құрметті таластықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз Тәуелсіздік жылдарында әлемге татулықтың туын биік ұстаған, берекесімен беделі артқан, тұрақтылығымен талай белесті бағындырған бейбітшіліктің бесігі ретінде танылды.
Сан ұлт пен ұлыстың құтты қонысына, мерейлі мекеніне айналған Қазақстан бүгінде жаңғыру мен жаңару кезеңдеріне қадам басып келеді.
Қасиетті қазақ жері тағдырдың түрлі тәлкегімен тоғысқан этностар үшін құтты мекен болды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», — деген еді. Осы қанатты сөз ешқашан мәнін жоғалтқан емес.
Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Уважаемые земляки!
От всей души поздравляю Вас с Днем единства народа Казахстана!
Для нашего независимого государства – это один из важнейших праздников.
Сегодня каждый гражданин, независимо от этнической или религиозной принадлежности, в полной мере использует свои гражданские права и свободы, гарантируемые Конституцией. В стране, в том числе, в нашем районе созданы все необходимые условия для развития этнической самобытности, культуры, языка. Это главный приоритет политики Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева, выступающего за стабильность, единство и модернизацию.

Дорогие таласцы!
Праздник единиства стал доброй традицией нашего народа. В этот светлый весенний день примите самые искренние поздравления и пожелания мира, добра и согласия!

Ардақты ағайын!
Киелі Талас жерін мекендеген жиырмаға жуық ұлттар мен ұлыстар бұл күнде бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып, иық түйістіре экономика мен мәдениеттің қай саласында болсын бел шеше жұмыс істеп, белсенділік танытып келеді. Бұл – елжандылықтың, Атамекенге деген құрметтің белгісі.

Қадірменді қауым!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Еліміздегі коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған төтенше жағдай режиміне қатысты ағымдағы жылдың 27 сәуіріндегі Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде «Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін!» деп атап өткен болатын. Сондықтан бұл індеттен аман есен өтіп, алда үлкен айтулы мерекелерді атап өтеміз деп сенемін.
Біз тату тірлігіміз арқылы ғана биік белестерге, асқар асуларға қол жеткізе аламыз. Бірлігіміз бен елжандылығымыз қашанда біздің барлық игіліктеріміздің темірқазығы болып келеді.
Қасиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете берулеріңізге Алла нәсіп етсін!
Бүгінгі халқымыздың бірлігі мерекесі күні сіздерге бақыт, зор денсаулық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Армандарыңыз жүзеге асып, тілектеріңіз қабыл болғай.
Елімізге бейбітшілік, халқымызға ынтымақ пен бірлік тілеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.