Ынтымақ — ырыс бастауы

0

Құрметті шығанақтықтар!

Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстан халқының бірлігі күні-айрықша мереке. Бірлікті, достықты, еңбекті, келісімді паш етіп, мамырдың алғашқы күні аталып өтетін осы мерекенің әсем табиғаттың махаббатын достық сезімдерімен тамаша жарасымдылық табуы үлкен жақсылықтың нышаны.
Осы береке-бірлігімізді қадірлей, қастерлей білейік.Бейбіт еліміздің ішінде әрқайсысымыз ел бірлігінің сақталуын, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге өз үлесімізді қосайық.
Осы бірліктің арқасында бәріміз бірге болып әлемді жайлаған індеттен аман-есен құтылайық.Мереке құтты болсын, құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерге жақсылық, бейбітшілік, ынтымақ тілеймін.

Бейсен Екібаев,

Шығанақ ауылы ардагерлер
кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.