Аялдамалар ажарланып келеді

0

Тараз қаласындағы бұдан 3-4 жыл бұрын аялдамаларға шыны орнатылған болатын. Осы аялдамалар тұрғындардың жарнама парақшаларына толып, кейбірінің әйнектері сынып, қаңқасы ғана қалған-тын.

Бүгінде қала билігі аялдамаларды қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ұлттық оюлармен безендірілген темірге қағаз желімделмейді. Қала бойынша 624 аялдама болса, 87 аялдаманың шатыры ұшқан, жан-жақтары сынған, жөндеуді қажет етеді. 152 аялдама соңғы 10-15 жыл көлемінде орнатылған. 185 аялдама кеңес кезінде ортнатылған. Биылғы жылы 41 аялдама жаңа архитектуралық үлгіге ауыстырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.