Халықтың пайдасы үшін жасалған жаңаша тәсіл

0

Барша жұртшылықты әуреге салған пандемия қаншама адамның өмірін жалмады. Бірақ, біздің елдің Президенті дер кезінде шешім қабылдап, төтенше жағдай жариялады. Бұл вирустың таралуына қарсы тосқауылдың алғашқы қадамдары еді. Батыс Еуропа елдері сияқты мыңдаған адамдарынан айрылмау үшін еліміздің өңірлері карантинге жабылды.
Бұл әрине аса қажетті сақтық шаралары еліміздің азаматтарының амандығы үшін жасалды. Дегенмен, бұл жағдай көп адамдардың жұмысыз қалуы мен табыс көзінің жоғалуына алып келді. Осы тұста Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың мәлімдемесі үлкен мүмкіндік болып отыр. Себебі, құрылыс саласы мен өндіріс саласыны толық жұмыс істеуі. Одан бөлек, көлік құрылысы саласының жандануы бұл еліміздегі азаматтардың жұмысқа оралуы ғана емес жұмыссыз азаматтардың жұмыс табуы.
Бұл Президенттің төтенше жағдайда халықтың пайдасы үшін жасалған жаңаша тәсілі деп білемін. Қиындық кезде жұртшылық бірлікте сабырмен төзімділікке берік болып, барша халық үшін сақтық шараларын сақтай береді деген сенімдемін.
Тараз жұртшылығын осындай ынтымағы жарасқан бірлікпен қиындықты еңсеретініне сенімдімін.

Әсет Ахатаев,

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.