Бірлесе көтерген жүк жеңіл

0

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың елдегі Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қоюы жөніндегі халыққа арналған Үндеуі барлық мәселені ашық, нақты айтуымен маңызды деп білемін. Қазіргі алыпқашпа әңгіме өрттей қаулап тұрған кезде халық шындықты біліп отыруы және мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмысты, әлі де сейіле қоймаған қауіпті дерттің салмағын шын жүрекпен сезінуі қажет.
​Қазіргідей сын сағатта Мемлекет басшысының «Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деп айтуы көпшіліктің көңіліне сенім ұялатады. Бұл ретте елімізде көп жұмыс атқарылуда, Мемлекет басшысының сөзінде нақты мәліметтер мен алдағы уақыттағы міндеттер келтірілген.
​Бірақ біздің әрқайсымыз жауапкершіліктің екінші жағы бар екенін естен шығармауымыз керек. Б. Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін есте сақтап, карантин шараларын қатаң басшылыққа алуымыз қажет-ақ.

Президент Төтенше жағдай кезеңінде адамдардың жұмыстарын жоғалтып, кірістерінен айрылғандығын, түрлі мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатқанын немесе қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкендігін, шағын және орта кәсіптің табысынан айрылып, жабылып та жатқандығын біледі, және адами тұрғыдан түсенеді де. Бірақ, Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы дерт, сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн.  Індетке жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп алуымыз мүмкін.

Сондықтан Президент еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізінде Төтенше жағдай режимін биылғы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы Жарлық қабылдады.

​Сәмен ҚҰЛБАРАҚ,
филология ғылымдарының докторы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.