Жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін үйде болайық

0

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің қауіпсіздігі үшін өте маңызды шешім қабылдады. Қауіпті індет Қазақстандықтар үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім.
Соның арқасында вирус жаппай таралған жоқ. 16 наурыздан бастап төтенше жағдай еңгізіліп, осы күнге дейін төтенше режимі күшейтілді. Қоғамдық көліктер тоқтады. Мекемелер мен кәсіпорындардың басым бөлгілі қашықтықтан жұмыс істеуді бастады. Көшелер, тұрғын үйлер дезинфекцияланып, науқастарға дәрігерлік көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ерікті жастар, кәсіпкерлер жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар, мүгедек жандарға көмегін көрсетіп жүр.

Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзартылды. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн.  Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.  Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады.   Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады.  Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.

Сәл күтсек бәрі түзелер. Шыдамдылық танытайық. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқан еді ғой батыр Бауыржан атамыз. Осы өсиетін жерге тастамай, тәртіпке бағынайық. 11 мамырға дейін жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін үйде болайық.

Арман Елемесов,

Тараз қаласының тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.