Сабыр түбі – сары алтын!

0

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған мәлімдемесінде, ел аумағындағы төтенше жағдайдың мерзімі тағы да екі жетіге созылатыны айтылды. Әрине, бұл, халықтың қауіпсізідігі үшін, ұлттың саулығы үшін жасалынып жатқан қадамдар. Қырық күн үйде оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп отырудың өзі де қиынға соқты. Бірақ, мемлекет басшысы қанша күн ұзартса да елдің болашағы үшін үйде болуымыз қажет. Мемлекеттің түсімі де азайған тұста, әр отбасына кіретін табыстың да азайғаны рас.

Өз сөзінде Президент шағын және орта бизнесті қолдау шараларын айтты: «1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді». Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.

Осы тұрғыда Президентіміз мәлімдемесінде халықтың табысын сақтап қалу үшін үкімет бар жағдайды қарастыратының баса айтты. Бұған дейін берілген әлеуметтік төлемдер, келесі айдада да жалғасын таппақ. Біз Президенттің мәлімдемесін қолдап, бір-бірімізді сабырлыққа шақырайық. Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруына атсалысайық, кедергі болмайық.
Атам қазақ: «Сабыр түбі – сары алтын» деп текке айтпаған.
Әр қиыншылықтың артынан жеңілдік болатынына үміттенейік, елге келген қиыншылықтың уақытша, өтпелі екендігіне сенейік!

Кенжеғали ШИЛІБЕК,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы

Leave A Reply

Your email address will not be published.