Мемлекет қолдауы жалғасатыны қуантады

0

Бүгін Президент К. Тоқаевтың коронавирус жағдайы бойынша карантиндік шараларға қатысты мәлімдемесі жарияланды.

Мемлекет басшысы күрделі жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды. Біз бұл шешімді түсіністікпен қабылдаймыз және қолдаймыз, өйткені ең маңыздысы халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің дамудың жаңа сатысына енгенін жариялады. Ол дағдарыстан кейінгі жағдай сөзсіз басталатынына және бізге жаңа кезеңде өмір сүруге тура келетініне ерекше назар аударды.

Осы тұрғыда Президентіміз мәлімдемесінде халықтың табысын сақтап қалу үшін үкімет бар жағдайды қарастыратының баса айтты. Бұған дейін берілген әлеуметтік төлемдер, келесі айдада да жалғасын таппақ.

Айта кету керек, мемлекет тарапынан өз азаматтарын қауіпсіздендіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Бүгінгі таңда халықты қолдаудың барлық шарттары мен әлеуметтік шаралары қабылданып, іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен бизнестің мемлекеттің қолдауы жалғастырылатыны қуантады.

Ал біз өз кезегінде шыдамдылық пен жауапкершілік танытуымыз керек,барлық шектеу шараларын сақтауды жалғастыруымыз керек.

Ержан Әмірбекұлы,

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.