Бақылау-өткізу бекеттері – партия назарында

0

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелерінен құрылған топ аудан тұрғындары арасында сақтық шаралары мен санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында Мойынқұм аудан аумағында орналасқан блок пост жұмысына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары барысында пост жұмысының қаншалықты талапқа сай екені және жеңіл автокөліктер мен жаяу жүргіншілерді посттан өткізу тәртібі сақталғаны турасында жұмыстарын бақылап, анықталған кемшіліктер назарға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.