Биыл тараздықтар қарқынды құрылыстың куәсі болмақ

0

Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2,№4,№22,№16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда. Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты. Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай, олар кәріз жүйесі жалғанған және мектеп ішінде орналасуы қажет. Қала әкімі қолға алған істі күнделікті қадағалап құрылыс басына жиі барып тұратын болады.

Жалпы, аймақта қазіргі таңда салалық ведомство желісі бойынша 112 жоба сараптама қорытындысын алған және оның 10,8 миллиард теңгені құрайтын 37-сі бюджеттік мақұлдаудан өткен. Ал, 110 жоба сараптама қорытындысын алмаған десек, олардың қатарындағы 2 жоба – 2014 жылдан, 18 жоба – 2017 жылдан, 76 жоба – 2019 жылдан өтпелі болып саналады. Арнайы жұмыс тобы қазір қалыптасқан жағдайды талдауда.

Құрылысы ұзақ жылдар бойы созылған немесе тоқтап қалған нысандар бойынша сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Елдос Ақбердиев мәлімдеді.

Бүгінде облыс бойынша ондай 46 нысан анықталған десек, оның ішінде Тараз қаласында – 35 нысан бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.