Жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімі жасалады

0

Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде осылай деді.

“Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады”, – деді ол үндеуінде. Президенттің сөзінше, карантин режимі вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастап алынады.

Мамыр айының 1-нен бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет.

Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.

Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.

“Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн”, – деді президент.

Алмас Мұхтаров,
Талас аудандық мемлекеттік архивінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.