Халықты сабыр сақтауға шақырды

0

Бүгін президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайға байланысты өз үндеуін жариялады.
Президент өз сөзін 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілгенінен бастады. Адами тұрғыдан халықтың жай – күйін түсініп, амалсыз осындай шараны қабылдауға мәжбүр болғанын айтты. Алайда осы шаралардың арқасында АҚШ, Қытай, Италия т.б. мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда індеттің белең алуы біршама есе аз мөлшерде өрбіп отыр. Осындай күрделі кезеңде ел тұрғындары көмексіз қалмайтынын, 4 миллион 250 мың адамға 42500 теңге көмек берілгенін, 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетінін айтты. Елімізде азық-түлік тапшылығының жоқтығы да айтылды. Осынау кезде қаражатқа тапшы ел тұрғындарының, атап айтсақ 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілдері несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды.
Салықтық жеңілдіктер 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерлерге жасалып, осы жеңілдіктер арқасында 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемделгені тілге тиек етілді. Ірі компанияларға көмек көрсетілетінін, ал ауыл шаруашылығы мамандарының ерекше ерліктеріне жоғары баға берілді.
Ендігі кезекте төтенше жағдай мамыр айының 11 жұлдызына дейін созылатынын айтқан президентіміз, ел тұрғындарын түсіністікпен қарап, сабыр сақтауға шақырып отыр.
Сөзімді қорытындылай келе менде өз кезегімде «Сабыр түбі – сары алтын, сабырлының бәрі алтын!» дегендей ауданымыздың алтындай, ертеңгі күннің болашағы болар өскелең, саналы да білімді, отаншыл жастарын осы уақытша қиындыққа мойын ұсынбай, сабырлықпен шыдап бағуына шақырамын. Біз біргеміз!

Әділет Әбдірахман

Leave A Reply

Your email address will not be published.