Баға биліктің бақылауында

0

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасады .Ол өз мәлімдеуінде , Қазақстан халқының 16 наурыздан бастап , төтенше жағдай режимге көшуін , қауіпті вирустың Қазақстанда кең таралып кетпеуі үшін қабылданған шешім екендігі туралы тілге тиек етті . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық сарапшылардың Қазақстанның іс — қимылына оң баға бергенін айтып өтті.
Елімізге енген індетті еңсеруде , мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтыны көңілге қонымды . Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінгені ; «Nur Otan» партиясының белсенді жұмыс атқарып отырғанын атап көрсетті . Баршаңызға мәлім , елімізде азық — түлік тапшылығы жоқ . Бұл тұрғыда , жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр.
Сақтансаң — сақтайды . Коронавирус — адам денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы дерт болғандықтан , еліміздегі төтенше жағдай режимі, биылғы 11 мамырда аяқталатынын зор ықыласпен қабылдадым . Карантин режимін біртіндеп жеңілдету : күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екендігін айтты .Осы орайда , санитарлық нормаларды сақтап , жұмыс орнын дезинфекция жасап тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн деген көзқарасын құптаймын.
Сонымен бірге , Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көмек беретіні ; Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқтығы ; Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылатыны ; Мұқтаж отбасылардың азық — түлік ала беретіні жағымды жаңалық болды.
«Төзім тілекке жеткізеді» дей келе , халықты сабыр сақтауға шақырып , ойын — сауық және сауда орталықтары , кинотеатрлар , ресторандар , саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болатыны ; Жоғары оқу орындары , колледждер , мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра беретінін атап көрсетті.
Мамыр айындағы мерекелерді де қашықтықтан атап өту туралы айта келе , Ұлы Жеңіс күнінде , Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің елеусіз қалмай , лайықты құрмет көрсетілетінін атап көрсетті.
Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындап , мұнда , дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылатынын жеткізді.
Індет пен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен медицина қызмет керлеріне , құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге ; Қауіп — қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге ; халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына ; Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппарат тың қызметкерлері де құрметке лайық дей келе , алғыс білдіруі сәтті шықты.
Бірлігі күшті — ел мықты .Бұл дағдарыс бірлігі бекем , елін шексіз сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсеткенін айта келе , ұлт болып ұйыса білсек , барлық мақсатқа қол жеткіземіз деп сенім білдіруі жанымды жадыратты.

Сәуле Түменбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.