Ынтымақпен ісіміз алға басады

0

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлем жұртын алаңдатқан коронавирус індетіне байланысты жариялаған мәлімдемесі халқымызды тағы да жігерлендіре түсті. Оның әрбір сөзі шын жанашырлық пен Отаны мен еліне деген ыстық ықыласқа толы.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы әлемде қарқынды дамып бара жатқан індетке қарсы тұрып, одан аман-есен шығуға бірлік керектігін айтты.
Президент жақында өнеркәсіп орындарын, құрылыс, жол құрлысы және көлік крмпаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісетінін мәлімдеді. Әрине, кәсіпорындар іске қосылғанымен, санитарлық талаптар қатаң сақталуы керектігін естен шығармаған жөн.
Бұдан бөлек, мұқтаж отбасыларға көмек беру тоқтамайтынын, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілер мен волантерлерге ризашылық білдіріп отырған Мемлекет басшысының сенімінен шығатынымызға сенім білдіремін. Қиын күндеріміз артта қалатынын ескерейік, ал ынтымақпен ісіміз мәңгі есте сақталатынын ұмытпайық.

Рүстем Бегалиев,

Жамбыл ауданыдық мәслихатының хатшысы, ауданның құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.