Бұйрықпен белгіленген баға көтерілмейді

0

Тараз қаласында әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, облыс орталығында белгіленген шекті бағаны көтеріп, заңсыздыққа жол берген дүкендер анықталып, баға қайта қалыпқа келтірілуде.

Аталған жұмыстар аясында бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобы қала аумағында орналасқан 6 дүкенде болып, бағаларды саралап шықты.

Арнайы топ «Юбилейный», «Әуес», «Халил» және Жібек жолы көшесінің бойындағы «Таңшолпан» және «Дәулет» дүкендеріне ат басын бұрып, аталған дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағалары бірлескен бұйрықпен белгіленген шекті бағаларымен сәйкестендірілді. Сондай-ақ, «Нұрислам» супермаркетіндегі қарақұмықтың бағасы 440 теңгеден 260 теңгеге өзгертілді.

Осылайша,  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес министрліктердің бірлескен бұйрығымен белгіленген шекті бағалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында дүкен иелерінің ықыласымен сол мезетте аталған тауар түрлерінің бағалары нормативтік-құқықтық актіге сәйкестендірілді.

Жалпы, аталған бағыттаға жұмыстар арнайы құрылған жұмысшы топпен тұрақты түрде жүргізілетін болады. Осылайша, төтенше жағдай кезінде пайда тауық қалғысы келетін «пысықайлардың» әрекетіне тосқауыл қойылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.