Халық қамын ойлаған тұлға

0

Бүгінде бүкіл әлем кенеттен пайда болған жұмбақ дерттің ауыр зардабын тартып отыр. Онымен күрес күрделі түрде жүріп жатыр. Десе де Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тосыннан пайда болған індет кең етек жаймас үшін дер кезінде сақтық шараларын қолға алды. Сын-сағатта елді тығырықтан аман алып шығу мақсатында Мемлекет басшысы ауқымды шаралар қабылдады. Індетпен күресуде халық пен бизнес саласы кең қолдауға ие болып отыр. Мәселен, дертті ауыздықтауда алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемеақы төлеу, жағдайы төмен отбасыларға белгілі бір мөлшерде азық-түлік себетін тарату, елдегі жетекші партия тарапынан тұрғындардың кейбірінің 50 мың теңге көмек алуы, жұмыстан қысқарған немесе ақысыз демалысқа шыққан азаматтарға 42 500 теңге беру, аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін коммуналдық қызмет ақысының өтеуі ретінде 15 мың теңгеден тағайындалуы Қасым-Жомарт Кемелұлының шын мәнінде халық қамын ойлайтын арда азамат екенін білдіреді. Президентіміздің қарапайымдылығы, халыққа жақын, елге жаны ашитын басшы екені сындарлы сәтте айқын көрініс тауып отыр. Сол үшін Президентімізге алғыс айтамын. Себебі, мемлекет басқару ісіне келгелі бері Қасым-Жомарт Тоқаев өз ісін бұқара мен биліктің арасындағы алшақтықты азайтуға, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге арнап келеді. Мұндай ірі істер тек халқының игілігі үшін қызмет ету жауапкершілігін сезіне білген адамның ғана қолынан келеді.

Әбдіүмітәлі Баяқов,

М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектептің мұғалімі.

Талас ауданы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.