БАЙЗАҚТА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

0

Елімізде әлемді жаппай жайлаған қауіпті індет тіркелгелі бері төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Сақтық шаралары күшейтіліп, қажетті барлық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Соның бірі — залалсыздандыру жұмыстары.

Өткен сенбіде аудан әкімдігі мен шаруа қожалықтар бірлесіп, 17 ауыл шаруашылығы техникалары мен жүзден астам адам жұмылдырылған залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Рауан», «Байзақ дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Манат», «Жетітөбе», «Шарипов», «Казаки», «Әлихожа» шаруа қожалықтары бірлесе атсалысқан шараға 17 дана техника, 2 дана дезинфекциялық қондырғы, 1 дана су тасушы, 14 дана трактор, 34 дана дезинфекциялауға арналған бүріккіш жұмылдырылды.
Нәтижесінде аудан аумағындағы 43 елді мекен қамтылып, ондағы 176 көше мен 51 аялдама және 94 әлеуметтік нысандарға күніне екі мәрте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мамандар осы бағыттағы залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілетіндігін айтады. Қазіргі жағдай кезінде тазалық шаралары күшейтілген режімде жұмыс істеуде.
Ауданымызда коронавирус індетіне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүйелі жалғасуда.

Даулет Пірімқұл

Leave A Reply

Your email address will not be published.