Е. Дауылбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды

0

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев облыс әкімінің тапсырмасымен аудан аумағынан өтетін «Астана-Алматы» және «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің атқарып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында ауданымызға іс-сапармен келді.

Еркебұлан Әбілханұлы бастаған бірнеше облыс әкімдігінің басқарма басшылары алдымен Хантау ауылдық округіндегі орналасқан «АБК Автодор НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Танысу барысында мердігерлік ұйымның вахталық қалашығын аралап, еліміздегі короновирусты эпидемияға байланысты сақтық шараларын тексеріп, жұмысшы азаматтармен тілдесіп, еңбек дауларына қатысты сұрақтарын қойды. Сондай-ақ мердігер компанияның зауытын және көпір салу қызметтерінің барысымен танысты.

Аталған мердігерлік ұйым «Меркі-Шу-Бурылбайтал» және «Хантау-Бурылбайтал» тас жолының 146 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2019 жылы «Буылбайтал Хантау» учаскесінін 20 шақырымына және «Хантау-Шу» учаскесінің 12 шақырымына асфалть жамылғысының 2 қабатын салып қойған. Мердігерлік ұйымда 579 азамат жұмыс жасауда. Барлығы жергілікті азаматтар.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары аудандағы проблемалық мәселелердің бірі Шығанақ ауылдық округіндегі Балхаш көлінен тартылған су құбырының ТОО «СМС» компаниясы жүргізіп жатқан «Астана-Алматы» тас жолының астымен өтуіне байланысты көтерілген мәселелерді қарады. Аталмыш мәселелер төңірегінде аудан әкімінің орынбасары Б.Қалымбетов, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Исақов айтып өтті.

Келесі кезекте Еркебұлан Әбілханұлы «Синохайдро» компаниясының вахталық қалашығында болды.Онда жүргізіліп жатқан жол құрылысының жұмыстарымен танысты. Аталмыш Қытайлық компания «Балхаш-Буырлбайтал» аралығындағы жалпы 83 шақырымға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта нығыздау және тегістеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған мердігерлік ұйымда 317 азамат жұмыс жасаса, оның 29 шетелдік азаматтар.

Сапар соңында обылыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев «Астана-Алматы» тас жолының «Күрті-Бурылбайтал» жалпы 62 шақырым жолды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан ТОО «СМС» компаниясының вахталық қалашығында болды. Алдымен облыс әкімінің орынбасары мердігер ұйымның қызметкерлерімен тілдесіп, содан соң жатақхана, асхана, лабараториялық бөлемелерін аралып көрді. Аталған мердігерлік ұйым қазіргі уақытта жолды тегістеу, нығыздау жұмыстарын жүргіз отыр.

-Жалпы біздің үлесімізге түскен 62 шақырым жол. Қазір барлық учаскелерде жұмыстар жүргізілуде. Жер жұмыстары, яғни тегістеу, нығыздау жұмыстарын жүргізудеміз.Оның 40 пайызы орындалуда және 10 шақырымын бітіріп 3 шақырымы асфалть төселуге дайын. Осы кезге дейін өндірістік базаға құрлыс жұмыстарын жүргіздік. 228 адамға арнап жатақана салдық және әкімшлік корпус, медпункт, лабарториялық бөлмелерді дайындап қойдық. Сондай-ақ сағатына 170 тонна беретін асфалт зауытымыз, бетон зауытымыз және тас ұсатқыш станогымыз жұмыс жасап тұр. Қазіргі уақытта станог 95 куб тас шығарып отыр. Бізде негізінен 196 азамат жұмыс жасауда,оның 70 жуығы жергілікті азаматтар.Сонымен қатар соңғы үлгідегі асханамыз бар. Еліміздегі коронавирусты індетке байланысты сақтық шаралардың бәрі қарастырылған – дейді, ТОО «СМС» компаниясының жоба жеткешісі Алтай Қамысбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.