Елді мекендер тұрақты түрде залалсыздандырылуда

0

Мойынқұм ауданы бойынша 16 ауылдық округ 24 елді мекен бар.  Аудан бойынша 3 мекеме дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Олар: «Мойынқұм Дезинфекция ЖШС»,​ ТОО​ «Дезинфекция»​ және Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі коммуналдық мемлекеттік мекемесі. ​ ​ ​ ​ ​ ​
Аталған 3 мекемеде​ «Мойынқұм Дезинфекция ЖШС»,​ 2​ трактор, сыйымдылығы 5 тона​ 2 автокөлік,​ ТОО​ «Дезинфекция»​ 1 уаз, 1 жанарамай көлігі, 1 трактор,​ Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі КМК 4 ДУК, 11 нива автокөлігі​ 47 адам тартылған. Аудан бойынша 24 елді мекендерде 110 көше, 370 ауланы күніне 2 рет дезинфекциялық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Ауылдардың орталық көшелер сондай-ақ қоғамдық адам көп жиналатын жерлерге, жұмыс істеп тұрған азық-түлік дүкендерінің маңына дензинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. 223 жұмыссыз азамат дезинфекциялық жұмыстарға тартылды. Жалпы аудан бойынша дезинфекциялау жұмыстарға 22,0 млн қаражат қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.