Мойынқұмдық полицейлер қалтқысыз қызмет етуде

0

2020 жылдың 15 наурыздағы ҚР Президентінің Жарлығымен жарияланған «Төтенше жағдай» бойынша Мойынқұм аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қарқынды жұмыс режиміне көшкен.

Жалпы, бүгінгі таңда Мойынқұм ауданы аумағында 6 бекет қызмет атқарады:
1. 20.03.2020 жылдан Бірлік ауылында Меркі-Шу-Бұрылбайтал тас жолының 160 шақырымында орналасқан, аталған бекетте 6 полиция қызметкері және 4 медицина қызметкері тәуліктік ауысым арқылы қызмет атқарады. Материалды-техникалық жабдықталған. Бекет Респубикалық тас жолда орналасқандықтан, облыс аумағына кірген және шыққан автокөліктерді медциналық тексеру арқылы тіркеумен айналысады. 20.03.2020 жылдан бері бекет арқылы 7 000 –нан астам көлік, оның ішінде 16 784 адам өткені тіркеуге алынған.
2. 07.04.2020 жылдан Мойынқұм ауылының шығыс бетінде Бірлік-Мойынқұм тас жолының 47 шақырымында орналасқан, аталған бекетте 4 полиция қызметкері тәуліктік ауысым арқылы қызмет атқаруда, материалдық техникалық жабдықталуы бойынша ескерту жоқ, бекет жарияланған карантинге байланысты рұқсат қағазы бар көліктерді ғана тіркеп өткізеді, 09.04.2020 жылдан бері бекет арқылы 1744 көлік, оның ішінде 4215 адам тіркеліп өткен ;
3. 07.04.2020 жылдан Мойынқұм ауылының батыс бетінде Бірлік-Мойынқұм-Уланбел тас жолының 61 шақырымында орналасқан, аталған бекетте 4 полиция қызметкері тәуліктік ауысым арқылы қызмет атқаруда, материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша ескерту жоқ, бекет жарияланған карантинге байланысты рұқсат қағазы бар көліктерді ғана тіркеп өткізеді, 09.04.2020 жылдан бері бекет арқылы 733 көлік, оның ішінде 1454 адам тіркеліп өткен ;
4. 09.04.2020 жылдан Мыңарал ауылында теміржол өткелінде және Жамбыл цемент зауыты жанында орналасқан, аталған бекеттерде 2 полиция қызметкері және округ әкімшілігінің 4 ерікті және маман қызметкерлері тәуліктік ауысым арқылы қызмет атқаруда, материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша ескерту жоқ;
5. 14.04.2020 жылдан Уланбел ауылында Тараз-Ақкөл-Уланбел тас жолының 255 шақырымында орналасқан, бекетте 2 полиция қызметкері және округ әкімшілігінің 2 ерікті қызметкерлері тәуліктік ауысым арқылы қызмет атқаруда, материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша ескерту жоқ;
Бекеттер бойынша полиция қызметкерлеріне бағынбау, қарсылық көрсету деректері тіркелген жоқ.
Сондай-ақ 09.04.2020 жылдан облыс аумағында жарияланған карантин бойынша Мойынқұм ауданы аумағында Мойынқұм АПБ қызметкерлерімен эпидемиялық індеттің алдын алу, болдырмау мақсатында барлық жеке құрам қызметкерлерін жұмылдыра отырып қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен нығайту, құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесуде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Осы тақырыпта интернет-ресурстарға алдын-алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша 22 мәрте материалдар, суреттер салынды.
09.04.2020 ж. 25.04.2020 ж. аралығында Мойынқұм ауданы аумағында карантин режимін бұзған 71 дерек анықталған, оның 53 дерегі сотта қаралған, 18 дерегі сотқа жолдануда.
Сотта қаралғандардың 4-уі әкімшілік қамаққа алынған, 32-не айыппұл салынған, 15 азаматқа ескерту берілген, 4 әкімшілік іс қысқартылған. Аталған құқықбұзушылықтардың 13 дерегі жеке кәсіпкерлерге қатысты, қалған 58 дерегі автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қатысты толтырылған.
Қазіргі таңда АПБ карантин саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда басым назар аударыла отырып жұмыстар атқаруға тапсырмалар беріліп, олардың күнделікті атқарған жұмыстары қадағаланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.