Қашықтан оқыту тұрақты бақылауда

0

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Талас ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 35 мектеп жұмыс жасайды. 35 мектептегі оқушылар саны – 9 283. Осы 35 мектептің ішінде қашықтықтан оқыту бойынша 21 мектеп қамтылды, ондағы оқушылар саны – 8294.

Ал қалған 14 мектеп «Балапан» және «Еларна» телеканалдары арқылы оқытылады, қамтылатын оқушы саны – 989.Телеканалдарда көрсетілетін сабақ кестелерінің уақыты мектептерге таратылды.

Білім беру мекемелерінде қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша жұмысшы топ құрылып, 6-7 сәуір күндері барлық ауылдық округтерді аралап, нақты жағдайымен танысты. Бүгінгі күнге барлығы бір қалыпты. Мұғалімдердің Күнделік.kz, WhatsАpp, Bilimland желілері арқылы бейнесабақтар жүргізілуі және оқушылардың мұғалімдерімен кері байланысқа (үй тапсырмаларының алынуы) шығуы білім бөлімі тарапынан  бақылауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.