Әлеуметтік қолдаудан ешкім шет қалмайды

0

Талас ауданында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға көрсетілетін қолдау шаралары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтінішті «eGov» электронды үкімет порталы,  «Enbek kz42500» және Telegram әлеуметтік желісінде арнайы ашылған «JambylObl42500bot» сайтында электронды түрде берілуі тиіс екенін тұрғындарға түсіндірілді.

Бүгінгі күнге тіркелген 9947 өтініштің 8383-не Орталық деректер базасында төлем тағайындалған болса, 8294 адамға 42500 теңгеден әлеуметтік төлем жеке есеп-шоттарына аударылды. Әлеуметтік төлем тағайындау ережесіне сай келмейтін 155 өтініш кері қайтарылса, қалған 1409 өтініш қаралуда.

Сонымен қатар, «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалының ұйымдастыруымен 19-23 наурыз аралығында 38 отбасыға, 24-28 наурыз аралығында 35 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға, жалғыз басты қарияларға көмек көрсетті. Сол сияқты 23 наурыз күні Ақкөл ауылының 1979 жылы туылған азаматтары тарапынан 22 отбасыға 1 бұқаның еті, 1 қап ұн, қант, макарон, пісте майы таратылды.

30 наурыз күні «Бақ-Индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкерлер тарапынан 100 жағдайы төмен отбасына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғыз басты қарияларға көмек көрсетілді. 2 сәуір күні аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен 125 отбасына қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Барлығы320 отбасына 1 отбасына 9000 теңгеден, жалпы құны 2 млн. 880 мың теңге көлемінде қажетті заттай қайырымдылық көмектер көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.