Дәріханаларда медициналық маска жеткілікті

0

Қазіргі уақытта Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 7 дәріхана жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігі тарапынан ағымдағы жылдың наурыз айында «Супер фарм» ЖШС–нен 16 000 дана медициналық маска алынып, дәріханаларға таратылған. Аталған маскалар бір реттік болғандықтан 60 теңгеден сатылған.

Бұдан бөлек, 4 жеке кәсіпкерлер тарапынанҚаратау қаласындағы ЖК «Бисекина» күніне 250 дана, ЖК «Алменбетова» күніне 150 дана көп қолданбалы медициналық маска тігіп, 200 теңгеден сатудажәне Ойық ауылындағы ЖК «Ауганбаева», Қызыләуіт ауылындағы «Д.Мейірбекова» күніне 100 дана маска тігіп, 200 теңгеден сатуда.

«Біз біргеміз» акциясы аясында «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы және аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкерлері 31-наурыздан бастап 550 көп қолданбалы бетперде тігуде, тігілген бетперделерді бақылау бекеттерде тұрған аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, жағдайы төмен отбасыларға және қарттар үйіне тегін таратып беруде.

Сол сияқты, аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкерлері 27 наурыздан бастап, күніне 50 дана көпқолданбалы маскалар тігіп, білім бөліміне қарасты мекемелерге таратуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.