Азық-түлік бағасы көтерілмейді

0

Талас ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік туарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы ағымдағы жылдың 3 сәуіріңдегі БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ бойынша 9 шекті бөлшек сауда тауарларының бағасы бекітілген болатын.

Осыған орай, «Дәмді Себет» және «Диас» сауда орталығында БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ бойынша бөлшек сауда бағалары тұрақты деңгейде бірде бір тауар көтерілмеген. Талдап айтатын болсақ, негізгі азық-түлік таурларының 9 түрі, яғни Күріш-258 теңге, бірінші сұрыпты ұн -149 теңге, қарақұмық – 260 теңге, нан – 83 теңге, макароны – 2 кг 412(яғни 1 кг 206 теңге), жұмыртқа – 270 теңге 10 данасы, күнбағыс майы – 376 теңге, тұз – 52 теңгеден сатылуда. Бұдан бөлек басқа ірі сауда нысандарында арнайы 9 тауарға бұрыш ашу туралы топ мүшелерімен бірге сауда иелеріне  түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы II-тоқсандағы шекті бағалармен салыстырылады. II-тоқсандағы шекті бағамен 21 сәуірдегі баға қорытындысын талдасақ, қымбаттаған 4 тауар, ұн (3 теңгеге, 2,1%-ға), жұмыртқа (7 теңгеге, 26,1%-ға), қырыққабат (25 теңгеге, 23,8%-ға), картоп  (36 теңгеге 31,6%-ға) қалған 15 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.

Қаратау қаласында 6 наубайхана (Анель, Березка, Диана, Амир, Ләззат және Рахат)жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6100 бөлке нан шығарылады. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 135 теңге болып отыр. Қазіргі таңда, сауда дүкендерінде 1 бөлке нан 85 теңгеден сатылуда.

Сонымен қатар, азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК»АҚ-нан 34 тонна құмшекер алынып, 190 теңгеден сатылды.

Қазіргі таңда, «Дәмді Себет» сауда орталығында құмшекер 190 теңгеден сатылуда. Қалған дүкендерде сатылып кетті.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде №446 шығыс номерімен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на 43 тонна құмшекер алу туралы арнайы хат жолданды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №02-1163 шығыс номерімен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на нан бағасын ұстап тұру мақсатында және басқа да дүкендерде БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ бойынша бөлшек сауда бағалары тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін тауар алуға арнайы хат жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.