Блок-бекеттерде бақылау күшейтілген

0

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғ.Надуевтың 2020 жылдың 30 наурыздағы «Жамбыл облысы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы» №3 қаулысын және 31 наурыздағы және 7 сәуірдегі облыс әкімінің төрағалығымен өткен төтенше жағдай бойынша штаб отырысында берілген тапсырмаларға сәйкес Талас ауданында 4 санитарлық бақылау бекеттері алгоритмге бойынша құрылған.

Олар:

—  Бекет № 1 .  «Майтөбе» —  Облыстық мәндегі Күйік-Қарабастау-Майтөбе-Қаратау-Жаңатас автомобиль жолының 45 шақырымы, Берікқара ауылдық округінде орналасқан.

—  Бекет № 2.  «Тамды» — Аудандық мәндегі Ерназар-Қойгелды аудандық автомобиль жолының  0 шақырымы, Тамды ауылдық округінде орналасқан.

—  Бекет № 3.  «Ақкөл» —  Облыстық мәндегі Тараз-Аса-Ақкөл автомобиль жолының 63 шақырымы, Ақкөл ауылдық округінде орналасқан.

—  Бекет № 4.  «Талапты» —  Облыстық мәндегі Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық автомобиль жолының 77 шақырымы, Бостандық ауылдық округінде орналасқан.

Бақылау бекеттеріне арнайы жабдықталған жылжымалы контейнер қойылған 4 дана (әр бекетке 1 данадан), техника саны 3 данадан (1 ауылдық округ әкімі аппаратының көлігі, 2 полиция бөлімінің көліктері), электр қуатымен жабдықталған резервтік генераторлар қойылған. Интернет желісімен жабдықтау бойынша мобильдік байланыс қолданылуда. Адамдардың температураларын өлшеу бойынша 4 тепловизор алынып, кірген және шыққан адамдардың температуралары өлшенуде. Жалпы 47 қызметкер оның ішінде әр бір бақылау бекеттерінде қазіргі таңда 16 — полиция қызметкері, 24- медицина қызметкерлері және ауылдық округі әкімі аппаратының 2 қызметкерден кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс атқаруда және тиісті қызметкерлер нормативтік құқықтық актілермен бекітілген. Бекеттерде кезекшілікке түсетін қызметкерлерді тіркеу журналы ашылған.

Осы бекеттерде тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің 31.03.2020 жылғы қаулысына сәйкес, шұғыл шығындарға арналған резервінен 13 млн. 34 мың теңге бөлінді.Сонымен қатар, бекеттерде«Ветеринарлық қызмет» КМҚК –ның қызметкерлері «Ранец» құрылғысымен кірген және шыққан автокөліктерді залалсыздандыруда.

Ағымдағы жылдың 1 – 21 сәуір аралығында 4 бекеттен4063автокөлік және 7473 адам өтті. Карантин режимі жарияланғаннан бері көлік қатынасы 87 пайызға төмендеген, тек рұқсат анықтамасы бар, «Ақ Тізімге» енген көліктер кедергісіз кіріп, шығуда.

Кірген- шықан азаматтар 100 пайыз құжаттанған, Жамбыл облысы бойынша шектеу шараларының енгізілгені жөнінде біледі. Сақтық шаралары сақталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.