Тұрғындарға түсіндіру – сақтық кепілі

0

Талас ауданында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған мобильдік топ мүшелері аудада барлығы 471 нысанды тұрақты аралап, ақпараттандыру-ағарту жұмыстарын жүргізуде.

Олар – қоғамдық тамақтану орындары, білім беру мекемелері, медициналық мекемелер, діни ғибадат үйлері, сауда орталықтары мен базарлар, спорт нысандары, өндіріс нысандары, авто және теміржол бекеттері, ауылдық округтер және басқа да мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындар.

Жұмыс барысында 7000-нан аса көрнекілік құралдар (брошюралар, листовкалар) таратылды, көрнекі орынға 17 билборд және 950 плакаттар ілінген. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында 16 билборд ілінді. «Прокуратура ескертеді» тақырыбында 3 билборд ілінген.

«JambylTV» телеарнасында 6 сюжет, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде Талас ауданы әкімдігінің парақшасында 422 пост, 75 ролик жарияланды. «Талас тынысы» газетінде 63 хабарлама берілді. Қаратау қаласында Спорт және денешынықтыру кешені аумағында орналасқан  LED-экранында күнделікті Коронавирус індетінен сақтану шаралары жайлы бейнеролитер көрсетіліп тұрады.

Талас аудандық полиция бөлімінің бастығымен Төтенше жағдай кезінде көтерілген мәселелер бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін Фейсбук әлеуметтік желісінде 1 тікелей эфир өткізілді. Алдағы уақытта штаб төрағасы-аудан әкімімен және штаб мүшелерімен тікелей эфирлер ұйымдастыру жоспарлануда.

Қаратау қаласындағы және ауылдық округтердегі 20 мешіттерде жамағаттың қатысуымен жұма намазын оқу тоқтатылған. Сондай-ақ 4 шіркеуде тұрғындардың жиылуына шектеу қойылған.

Аудан бойынша мәдени көпшілік, спорттық іс-шаралар және той, жиындар өткізу, яғни тұрғындардың көп жиналатын шаралары тоқтатылған.

Барлық шаралар онлайн режимінде өтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.