Залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүруде

0

Талас ауданында қоғамдық орындарды, адам көп шоғырланатын мекемелерді дезинфекциялау мақсатында  «Талас-дезинфекция» ЖШС-мен келісім шарт негізінде күнделікті екі реттен қаладағы және ауылдық округтердегі нысандардың іші және сырты залалсыздандырылуда. «Талас-дезинфекция» ЖШС- мен келісім шарт 14 млн. 500 мың теңгеге жасалды.

Ветеринария бөліміне қарасты 4 «ДУК», «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 1 «Камаз» автокөлігі 16 наурыздан бастап Қаратау қаласының және ауылдық елді мекендер ішіндегі адам көп шоғырланатын барлық қоғамдық орындардың аумағына күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жүргізуде.

Барлығы 10 000 шаршы метр аумақ күнделікті дезинфекциялануда. 2020 жылдың 16 наурызынан бүгінгі күнге дейін 335 000 шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Аудандағы әлеуметтік нысандарда, ірі сауда саттық орындарында, кәсіпорындарда арнайы антисептиктер қойылған және барлық қызметкерлерге арнайы маскада жүру тәртібі түсіндіріліп, сақтық шаралары сақталған. Сол сияқты барлық мемлекеттік, әлеуметтік, қызмет көрсету нысандарын, сауда-саттық орындары мен дәріханаларды дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып, әрбір 2-3 сағат сайын ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қаратау қаласындағы «Халық банк» аудандық басқармасы алдындағы банкоматтар және «Дәмді себет», аудандық почта байланыс торабының алдындағы банкоматтар, терминалдар күнделікті бір сағат сайын залалсыздандырылуда.

Төтенше жағдайға байланысты ауданда онлайн сатып алу бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Казіргі таңда, ауданда 1 мейрамхана (Кұдаша), 3 кафе (Шах, Березка, Ханшайым) онлайн режимінде жұмыс жасауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.