Жедел штаб жемісті жұмыс істеуде

0

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнатуды ерекше тапсырған.

Осыған орай Талас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №163 қаулысымен «Жедел штаб» құрылды. Штаб төрағасы — аудан әкімі, штаб төрағасының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары К.Садубаев, штаб хатшысы – аудан әкімі аппаратының басшысы – М.Рысбаев. Құрамына ауданның құқық қорғау органдары, тиісті басқармалар мен аудандық мәслихаттың депутатары, бөлім басшылары енгізілді. Барлығы 23 адам.

Сонымен қатар, жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жедел әрекет ету орталығы және 7 бағыт бойынша жұмыс топтары құрылды.

Аудандық жедел штаб «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында арнайы екі бөлмеге орналастырылды. Тиісті қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. 3 компьютер, принтер, оргтехникалармен телефон, интернет желісіне қосылған. Штабқа арнайы мамандар отырғызылды, келген азаматтарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілуде. Кестеге сәйкес 24 сағаттық кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Штабтың 3 отырысы өткізіліп, жауапты қызметкерлерге тапсырмалар беріліп, хаттамаланды. Сонымен қатар Жедел әрекет ету топтарының жұмысын үйлестіру бағытында арнайы отырыстары өткізілді.

16 сәуір күні Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековтың Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәргері А.Есмагамбетованың 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр қаулысын жүзеге асыру туралы облыстық штабтың қорытындысы бойынша аудандық штаб отырысы өткізіліп, тиісті мекеме, кәсіпорын, қала және ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың 22 сәуір күнгі №1 шешімі алынды. Шешімде көрсетілген қағидалар бойынша тиісті тармақтар бойынша мекеме, кәсіпорын басшыларына ұйымдастыруға жолданды.

Қазіргі таңда барлық санитарлық бақылау бекеттері және қала, ауылдардың кіру, шығу жолдарына шектеулер жасалуда. Мобильдік топ мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғам белсенділерін тарта отырып, тұрғындарға карантин режимінің күшейгендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдарымен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері дауыс зорайтқыш құралдарымен аулаларда хабарламалар жасауда. Сондай-ақ, аудандық «Талас тынысы» газетінде фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде Талас ауданы әкімдігінің парақшасында  посттар, роликтер жарияланды.

Қаратау қаласындағы қала ішілік қоғамдық маршрут тоқтатылды. Қала, ауыл арасындағыжеке көліктерімен адам таситын(ТАКСИ)жүргізушілермен әңгіме өткізіліп, жолаушыларды тасымалдауды шектеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуді. Қазіргі таңда ауыл арасындағы көліктер азайды.

Рейдтік шаралар барысында төтенше жағдайды бұзғаны үшін 18 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 8 дүкен иесіне, 8 жаяу жүргіншіге және 2 автокөлік иелеріне айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.