Пилоттық жоба Саудакентте табысты жүзеге асуда

0

Тұрғындардың тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар Сарысу ауданындағы Саудакент ауылдық округінде табысты жүзеге асуда.
Мәселен, ауылдық округте 984 аула болса, пилоттық жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 901 аула қамтылған. Бүгінгі күні 217 аула 32 гектарға яғни 14 гектарға жоңышқа, 7 гектарға бақ, 6 гектарға картоп, 4 гектарға пияз 1 гектарға сәбіз дақылдарын отырғызған.
Үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жерлерді игеру мақсатында жалпы 6100 метр ескі арықтарды тазалау, 1900 метр жаңадан арық қазу, 2500 метр лотокты жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін арықтар мен лотоктар арқылы егістік жерлер толық сумен қамтылады.
Сондай-ақ, мұнда 21,2 млн. теңгені құрайтын 19 соттық 2 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде.
Жобаның екінші бағыты мал шаруашылығын дамытуға келсек, ауылдық округтегі 299 тұрғынға 4613 бас мал сатып алу үшін 774,3 млн. теңге несие берілсе, қазіргі уақытта 273 тұрғын 656,2 млн. теңгеге 4406 бас мал (864 бас МІҚ, 665 бас жылқы, 2127 бас ұсақ мал, 750 бас құс) сатып алған. Нәтижесінде белгіленген жоспар 96%-ке орындалып отыр.
Сонымен қатар, ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану бағытында 19,6 млн. теңге қаржы бөлініп, округ сыртындағы 950 гектар егістік жердің 350 гектары жыртылып, оған дәнді масақты дақылдар мен көпжылдық шөп егілген.
Бұл жұмыстарды атқару үшін Саудакентте құрылған «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне — 760 мың теңге аударылса, жобаның төртінші бағыты бойынша 87,4 млн. теңгеге 20 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары алынған болатын.
Ал, бесінші бағыт — ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бойынша 9 млн. теңгеге 1 жоба (наубайхана) қаржыландырылған.
Жалпы ауылдық округтен пилоттық жобаға барлығы 804,6 млн. теңгені құрайтын 302 өтінім түсіп, қаржыландырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.