Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда

0

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта жеке құрам мен жазасын өтеушілер арасында жеке гигиена ережелерін сақтау, коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілуде.

Тараз қаласы аумағында карантин жарияланған күннен бастап ҚР Денсаулық сақтау менистірлігінің тауарлары мен көрсілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті, Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметткердің сапысы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне таныстырылған. Қызметкерлердің қала, облыс аумағынан шығуларына тыйым салынып, жеке бас гигиенасы, санитарлық жағдай туралы түсіндірме жұмыстары жүйелі өткізілуде.

Бұдан бөлек, жуырда мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет капитаны Н.Кутумбетов коронавирустың инфекцияларының жеке құрам арасында «ҚАЖ Комитеті мекемелеріндегі жаңа короновирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған кезде жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритмі» атты дәріс жүргізді.

Еркебұлан Садуанов,

ЖД-158/1 мекемесінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.