Қасиетті айдағы қайырымдылық

0

Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған отбасыларға қолдау білдіру, қамқор болу мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері тұрмыстық жағдайы төмен және аз қамтылған екі отбасыға азық-түлік таратты.
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде қолға алынған осынау игі шара аталған мекеменің бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаев бастамашы болған.


— 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қазақстандықтардың көпшілігі табысынан уақытша айырылп қалғандығы белгілі. Мекеме бастығы Бауыржан Әбуұлының бастамасымен біз ұжыммен бірлесе осы азық-түліктерді жағдайы төмен, мұқтаж 2 отбасыға тараттық, — дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұржан Кутумбетов.
Ал аталған қайырымдылық шарасына қатысып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созған мекеме қызметкерлері игі іс арқылы өскелең ұрпақты мейірімділікке тәрбиелеуді, қиын-қыстау кезеңде адамдық пен адалдық, мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпауды мақсат ететіндіктерін айтады.

Еркебұлан Садуанов,

ЖД-158/1 мекемесінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.