Шуда сақтық шаралары қатаң бақылануда

0

Шу ауданында коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтау қатаң қадағалануда. Аудан тұрғындарының бейсеугет жүріп, өздері мен жақындарын қатерге тікпеуін бақылау мақсатында ауданда 3 блок-бекет орнатылған. Олар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолы (Жаңақоғам ауылының бұрылысы), Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында (Шу қаласынан Таразға қарай) және Шу-Қайнар тас жолында(Көкқайнар ауылдық округі, Ақсу ауылына бұрылыс) орналасқан.
Аталған блок-бекеттер орнатылған уақыттан бері олардан өткен жолаушылардың жалпы саны бүгінгі күнге дейін 9113 адам және 5465 көлікті құрайды.
Блок-бекеттерде арнайы шатырлар құрылып, ақпарат бұрышы ілінген. Өткіншілердің дене қызуын қашықтықтан өлшейтін құрылғылар(пирометр) толықтай бар. Бекеттегі жағдайларды тіркеп отыру үшін арнайы камералар орнатылған. Әр постта 5 адамнан кезекшілік қызмет атқарады. Аудандық ауруханадан 2 дәрігер, полиция бөлімінен екі қызметкер, жергілікті әкімшілік аппаратынан бір маман. 12 сағаттық ауысыммен жұмыс істеуде. Кезекшілік қызметте тұрған дәрігерлер мен полиция қызметкерлері блок-пост арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарап, тіркеп отырады.
Осының нәтижесінде аудан аумағында төтенше жағдайлар орын алмаған. Жағдай тұрақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.