НАН ІШІНДЕГІ «NOKIA»

0

Тергеу абақтысында отырған танысына тыйым салынған затты жасырын түрде өткізбек болған азаматтың ісі әшкере болды. Бұл дерек бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде «сәлемдемелерді» тексеру барысында анықталды. Оны 39 жастағы қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталған Е есімді азаматқа арнап әкелген.

Мекеменің режим және күзет бөлімі тексеру тобының бақылаушысы әділет аға сержанты Б.Жангаринаның азық-түліктер мен киім-кешектерді жіті тексеру барысында нанның ішіне жасырылған Nokia маркалы ұялы телефон табылып, тәркіленді. Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, процессуалды әрекеттер жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдегі түзеу мекемелерінде дәл осындай 13 дерек тіркелген. Атап айтқанда, оның 2 дерегі есірткіге қатысты болса, 11 рет ұялы телефон бергісі келгендердің жолы кесілген.

Әсел Ильясова,
ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.