Қоғамдық орындар дезинфекциялануда

0

Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаудың алдын алу профилактикалық шараларды күшейту туралы» №15ө өкіміне  сәйкес, аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылының бірнеше әлеуметтік халыққа қызмет көрсету орындары, орталық аурухана, «Халық банкінің» аудандық бөлімшесі, пошта байланыс торабы және орталық базар маңы т.с.с. әлеуметтік нысандар күніне екі қайтара індетке қарсы әзірленген арнайы ерітіндімен залалсыздандырылуда.

— темір жол вокзалы 3722,5 м²;

— автовокзал 3500,0 м²;

— қоғамдық аялдамалар 1600 м²;

— аудан орталығындағы орталық асфальтталған көшелер мен тротуарлар 113 000 м².

— Скверлерлер 250 м²;

— Саябақтар 85000 м²;

Жалпы айтқанда, күніне 207000 м² яғни, 20 гектардай аумақ дезинфекцияланып жатыр. Дезинфекция жұмыстары 19 наурыздан басталып, бүгінгі күнге 400 га жер залалсыздандырылған.

Бұдан бөлек, 27 нысан және 13 ауылдық округтің барлығында, оның ішінде  қоғамдық нысандарды (әкімшілік, мектеп, балабақша, медпункт т.б.) індетке қарсы әзірленген арнайы ерітіндімен залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды атқаруға «Жасыл Жуалы» МКК-дан дезинфекциялауға арнайы «ЗИЛ МДК» маркалы техникасы сыйымдылығы 6 тонна;

-Газель «ГАЗ-33» арнайы екі техника мен 6 адам дайындалып, қауіпсіздік үшін арнайы киімдермен (сырт киім және етік), көзәйнекпен және маскалармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ветком шаруашылығы және орман шаруашылығы мекемелерінде арнайы екі дана техника дайындалған.

Ерболат Сейітбеков,

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.