Жаңатас жыл өткен сайын жаңарып келеді

0

Бүгінгі таңда Жаңатас қаласында 23 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 91 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі кезде қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету тек қалыпқа келтіруге жарайтын үйлерді жөндеу арқылы жүргізілуде.

Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй жоқ. Дегенмен, қаладағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлердің алды мен аулаларында абаттандыру жұмыстары қарқын алып келеді.

Биыл Жаңатас қаласындағы 3-шағын аудандағы 6 үйдің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Абаттандыру жұмыстарының ішінде 2 үлкен кешен және 7 балалар ойнайтын элементтері бар алаңша, 14 дана жаттығу элементтері бар «стрит воркаут» алаңшасы салынатын болады.

Сонымен қатар қалалық қазандықтың алдыңғы бөлігін жөндеу жұмыстары да кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің қатарында тұр. Атап айтар болсақ, қазандық ғимаратын жаңалау, есік-терезелерді толық ауыстыру, аккумляторлық бактерді сыртқы оқшаулау, қазандық аумағын асфальттау, ғимарат шатырын толық ауыстыру, механикалық цех ғимаратын толық жөндеуден өткізіп,  кәсіпорын офисін осында орналастыру мәселелері де бар.

Осындай мәселелер ескеріліп, облыстың бас жоспары аясында қаладағы жылу қазандығы жаңартылатын болды.

aqparaq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.