Азық-түлік жеткізіп берді

0

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, 8 баланың анасы Т.Жұмабаева қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Жалпы, облыс аумағында 6 000-нан аса ерікті бар база жасақталып, 13 ұйым жұмыс жасауда. Одан бөлек, облыс аумағындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық жастар ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлік топ құрылған.

Сонымен қатар Жамбыл облысында төтенше жағдай кезіндегі жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру мақсатында облыстық штаб жанынан жедел әрекет ету орталығы құрылды.

Осы бағыттағы жұмыстар Тараз қаласы мен барлық аудандарда тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 12 сәуірі аралығында еріктілердің көмегімен 3 383 адамға азық-түлік қораптары, 331 адамға дәрі-дәрмек жеткізіліп берілсе, 224 жалғызілікті қариялардың тұрғын үйлеріне шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетілді. Сондай-ақ 514 қарияға (65 жастар асқан) зейнетақысы мен жәрдемақысы үйлеріне жеткізіліп берілді. Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері облысымызда тұрғындарға 52 285 бетперде тегін таратылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.