Блок-бекеттерге жеке кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілуде

0
Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен қала аумағында 7 жерден блок-бекет жұмыс істеуде. Блок-бекеттер видеобақылаумен, қажетті материалдармен (тефаль, диспенсер, антисептикалық заттар, стол, орындық, жылытқыш (катушка), бетперде (маска), арнайы қорғаныс киіммен, 3 мезгіл тамақпен және ауыз сумен) компьютермен, орындықтармен, дезинфекциялық сұйықтық құйылған бөшкелермен, электрлі генератормен қамтамасыз етілген.
Бүгінде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында блок-бекеттерге жеке кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, «Үміт» кафесінің демеушілігімен блок- бекет мамандары еріктілердің атсалысуымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірдегі ахуал тұрақты. Дегенмен бүгін коронавирус ауруының жаңа жағдайы анықталды.

1975 жылы туған науқас Тараз қаласының тұрғыны болып табылады. Ол 10 сәуірде жөтел мен дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданып, ауруханаға жатқызылды. Алынған ПТР зертханалық талдаулар қорытындысы COVID-2019 инфекциясына оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды. Олардан зертханалық зерттеуге талдаулар алынды.

Тұрғылықты және барған орындары бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.