Карантиндегі тұрғындарға көмек берілуде

0

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында коронавирус инфекциясына орай жарияланған карантин режимі кезеңінде халыққа қолдау көрсету мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен және «Үміт» кафесінің демеушілігімен «Қарасу алқабы» шағын ауданындағы карантинге оқшауланған №38 көппәтерлі тұрғын үйдің 27 тұрғыны еріктілердің атсалысуымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, бұл үйде коронавирус ауруына шалдыққан 86 жастағы әйел анықталған. Қазір ол инфекциялық стационарда ем алуда.

Эпидемиологиялық тексеру барысында азаматша 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. 5 байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге орналастырылды.

Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді. Осы подъездегі пәтерлердің 27 тұрғынынына 14 күнге оқшауланып, өз пәтерлерінен шығуға тыйым салынды. Олармен тиісті мамандар әңгімелесулер жүргізіліп, өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығын түсіндірді. Подъезде полиция қызметкерлері кезекшілік етеуде.

Тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі  қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Жалпы өңірде 45 коронавирус оқиғасы тіркелген,оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Делиден анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл ауданында – бір-біреуден тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.