Қолдау күшейіп келеді

0

Ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған мәлімдемесі кейінгі күндерде естіген сүйінші жаңалықтарымыздың алды болды. Дүниежүзі дүрбелеңге са- лынып тұрғанда мемлекеттің қарапайым халыққа көмек көрсетуі – халықтың бойына сенім ұялатары анық. Мәлімдемеден ұққанымыздай, жуық арада зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға өспек. Ол үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылмақ. Әлбетте, бұл барша қазақстандықтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуына сәлде болса септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының мәлімдемесі аты жаман індеттің кесірінен табысынан айырылған барша халықтың жағдайын жақсартуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталды. Сонымен қатар, 42500 теңге көлеміндегі көмекті алатындардың санатын кеңейтуді тапсыр- ды. Олардың қатарында өзін- өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де бар. Осылайша, бұндай қаржылай көмекке еліміздегі 3 миллионға жуық аза- мат қол жеткізбек. Оған қоса, тұрмысқа қажетті азық-түлікпен қамтылатын тұрғындардың да санаты белгіленді.

Ж. МОЛДАБЕКОВА,

Шу ауданы, Төле би ауылының тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.