Төтенше жағдай режимiн бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0

Мойынқұм аудандық сотында азаматша З-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабын, яғни төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер З. Қазақстан Республикасында «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығында көрсетілген санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу талаптарын сақтамаған. Яғни, Мойынқұм ауылында орналасқан «Ақтөре» азық-түлік дүкеніне санитралық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде, жеке кәсіпкер жұмыс уақытысында бір реттік қолданылатын қолғапсыз және бетпердесіз, колды күнделікті залалсыздандыруға арналған антисептиктерсіз сауда жасап, халыққа қызмет көрсетіп, төтенше жағдай режимiн бұзғаны анықталған.
Сот отырысы барысында жеке кәсіпкер З. өз кінәсін толық мойындап, өз ісіне шын жүректен өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Сот қаулысымен құқықбұзушы З. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.