Мемлекет басшысы маңызы зор мәлімдеме жасады

0

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев карантин кезінде орындалуы тиіс ортақ жұмысты жүктеді. Алдымызда белсенділікпен атқаруға тиіс  міндеттер мен мақсаттар тұр.  Бөлінген және қарастырылған қаржы көлемі қомақты. Бұл дегеніміз дүние жүзіне тарап жатқан дерттің дендемеуіне үлкен сеп болатыны сөзсіз. Қазір сын сағаттамыз. Сынақтан сүрінбей өтуге тиіспіз.  Елбасшымыз  Қазақстан халқына  қажет қолдауды уақытылы көрсетіп, шұғыл шешімдер шығарып отыр.

Дағдарысты айланып өтпейді, амалын тауып өтеді

 Бөлінген қаржылар мен жеңілдіктер карантинмен қоса келген кризистен шығуға  кең дәліз жасайтынын айтқым келеді. Дүнижүзін дендеген дерт дағдарысқа жол ашып жатқанын жақсы білесіздер. Осындайда қаржылық қиындықты алпауыт елдер де айналып өтпейді. Амалын тауып өтеді. Біз Қ. Тоқаевтың бөлген қаржылық және материалдық көмек көздері арқылы «Дерт пен Дағдарыс» деген қос өткелден өтіп, жоспарды олқылықсыз орындау керекпіз. Дүниежүзілік короновирус пандемиясы мен    экономикалық дағдарысқа қарсы жаңа шараларды орындау үшін   Үкіметке, Министрліктерге,  әкімдіктерге, басқармаларға үлкен жүк пен үміт артылып отыр.

Президент жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде  шешім қабылдады. Бұл ретте инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырды. Яғни дұл дегеніміз азаматтар алатын ақша көлемі артып, карантин кезінде кемімиді дегенді білдіреді. Міне,  аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

Жоққа жәрдем жасап, мұқтажға медет боламыз

Төтенше жағдай аяқталғанша  уақытша жұмыс істемейтіндермен қатар, ресми жұмыссыздар- «өзін өзі қамтығандар да» тіркеуге тұрып 42500 теңге көлемінде көмек ала алады.  Көмекке зәрі жандарды қосқанда 3 миллионға жуық қазақстандықтарға көмек көрсетіледі.        800 мыңға жуық тұрмысы төмен,  мүмкіндігі шектеулі топтарға, жұмыссыздарға ақысыз азық-түлік, тұрмыстық пакеттер таратылатын болады.    Бүгінде Жамбыл облысында да  көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік апарып беру  тұрақты түрде жүріп жатыр.  «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы Жамбылда да жалғасып жатыр. Мәселен акция бастау алған 19 наурыздан бастап бүгінге дейін аймақ бойынша 1500-ге жуық отбасына көмек көрсетілді. Біздің инстаграм желісіндегі @nurotan_jambyl парақшасына күнделікті 30-40 ана көмек сұрап жазады. Тұрмысы төмен, көп балалы әрі  мүгедек бала асыраушы  қыз-келіншектер жағдай қиындап,  жұмыссыз отырғандарын жазуда. Олардың басым бөлігі табысы мен жұмысы бар деп кезінде көмек алу тізіміне кірмегендер. Дегенмен біз оған қарамай, қазіргі қиын-қыстау кезеңде жағдайын айтып қайырылған азаматтардың үйіне азық-түлік жеткізудеміз.  Партия қызметкерлері қазіргі «мылтықсыз майданның» алдыңғы шебінде жүр. Жұмысымыз – көмек көрсету, үй аралау, санитарлық және сақтық талаптарының сақталуын қадағалау.

Ел еңсесін көтерген ерекше мәлімдеме

Қазір міне көктемнің көк өзегі. Несібесін жерден айырған   Қазақстан фермерлеріне көктемгі дала жұмыстарын  жүргізуге де көп көңіл бөлінді.  Агрокредиттік корпорация арқылы бюджеттен 70 млрд теңге қарастырылды.   Оларға сатылатын  жанар-жағар май жеңілдікпен берілетін болды.     Өздеріңіз білесіздер Жамбыл облысы аграрлы аймақ. Ауылшаруашылығымен айналысып отырған өңірлердің біріміз. Бұл салада жанармай тұтынбай жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан Президентіміз Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады. Бұл үлкен көмек. Алғыс айта отырып, алға нық қадам басатын кезіміз осы. Қомақты жеңілдіктер шағын және  орта бизнеске көрсетілмек.           Бүгінгі күннің батырлары — дәрігерлерге үш ай бойы қомақты үстемақы төленетін болады.    Төтенше жағдай кезінде  қызмет жасап жатқан әскерилер мен  полиция қызметкерлері де мемлекет қамқорында болады.

Қортындылай айтар болсам, Мемлекет басшысының   мәлімдемесі  ел еңсесін көтерді. Көңілге сенім ұялап, көзде үміт оты оянды.   Біз өз халқының қамын жеп, тағдырына алаңдаған Тоқаевпен біргеміз!    Біз сіздермен біргеміз. Дерттен айығуға дем болатын ауқымды іске ат салысу енді баршамыздың міндетіміз болсын!

Балабек Нарбаев, 

«Nur Otan»  партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.