Сақтық шаралары – басты назарда

0
Сарысу ауданында атқарылған жұмыстар туралы
1. Аудан бойынша күнделікті штаб отырысы өткізіліп, сақтық шаралары күшейтілді;
2. Түркістан облысына шыға беріс Жайылма ауылының тұсында орналасқан санитарлық бақылау бекетінің жұмысы қатаң бақылауда. Бекетте аудандық полиция бөлімінің-2, аудандық орталық ауруханасының-2, облыстық СЭС-тен-2 қызметкерден күнделікті кезекшілік құрылды. 19-30 наурыз аралығында (бекет ашылғалы) ауданға барлығы 1396 көлік кіріп, 3307жолаушыға анкета толтырылған;
3. Күнделікті өткен автокөліктер мен олардағы жолаушылардан анкеталар алынып, мәліметтер қорына тіркелуде(30.03.2020 ж. Сағат 8:00-дегі ақпарат-157 көлік өтіп, 216 адамға анкета толтырылған);
4. Жалпы Сарысу ауданы көлемінде барлығы 582 нысан мобильді топ мүшелерімен екі мәрте араланып, қауіпсіздік шаралары толығымен түсіндірілді;
5. Күнделікті адам аяғы саябырсыған (кешкі мезгілде) ДУК залалсыздандыру автокөлігімен жұрт көп шоғырланатын орындарда (аялдама, саябақ, ЦОН, «Қазпошта», тамақтану орындарының алды, аудан және қала ішілік жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер оның ішінде «Жаңатас-Жайлаукөл-Қамқалы-Шығанақ», «Жаңатас-Тоғызкент» маршруттарына және т.б. әлеуметтік нысандарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта, яғни 30 наурызға дейін залалсыздандырылған жердің жалпы аумағы-68800шаршы метрді құрайды. Көшелер мен аулаларды, балалар ойын алаңдарын, қоғамдық орындарды дезинфекциялау және санитарлық тазарту жұмыстарына барлығы — 63адам (қоғамдық жұмысшылар) тартылды.
6. 20 наурыз күні аудан әкімдігі тарапынан тұрғындар көп келетін мекемелерге (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Полиция бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Жаңатас қаласы әкімідігі) дизенфекциялауға арналған заттар берілді.
7. Бетперде — 1000 дана, Хлор — 3 к, Диасептик — 8 дана, Перчатка – 250 дана, Сушилка — 1 дана, Бикс — 2 дана, Умывальник – 2, Деохлор таблетка — 20 дана, Кварц — 1 дана, Қағаз — 5 қорап, ручка — 5 қорап, журнал — 10 дана, скоч — 2 дана, Медициалық халат — 2, антисептик — 1. «Дезотабс» -3 қорап.
Бұған қоса 100 диохлор, 20 литр антисептик 24 наурыз күні алынып, тиісті мекемелерге таратылуда;
8. Аудан көлеміндегі 8 мейрамхана-тойханалар жабылды.Кафелер және 256 сауда үйлері мен дүкендер иелеріне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік бағыттағы тауарлардың бағасын негізсіз көтермеу туралы түсіндіріліп, жұмыс істеу уақытын шектеу мәселесі ескертілді. Бүгінгі таңда барлық нысандар уақытылы жабылып, толық қауіпсіздік шараларын іске асыруда. Дүкендерге бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ.
9. Мобильдік топтың зерделеуі барысында халық көп тұтынатын: ұн, қант,сұйық май, картоп және ұннан жасалынған өнімдер бағасында біршама өсім бары анықталды;
10. Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі дәріханаларда маска жоқ. Алайда, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен еріктілер жасақталып, маскаларды қолдан тігіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін тарату мәселесі қолға алынды. 2020 жылдың 27 наурызынан бастап аудан еріктілерінің бастамасымен Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде — 21 тігін цехіөз жұмысын бастады. Халыққа — 3500 данадан астам бетперде таратылды. Бетперде тігу жұмыстары жалғасуда.
11. Мобильдік топтар түсіндірме жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Қазіргі уақыт та қосымша еріктілерден жасақталған 10 топ құрылып, әрбір аулаға дыбыс күшейткіш құралымен екі тілде ескерту-түсіндіру жасау қолға алынып отыр. Жаңатас қаласындағы ірі сауда орындарында дыбыс күшейткіш құрал арқылы азаннан кешке дейін түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
12.Ауданда 3 ірі кәсіпорын орналасқан. Оның ішінде, «Казфосфат» ЖШС «Қаратау» тау кен өңдеу кешені — 1576-ге жуық қызметкерлері бар, «Инженерные сети ТС» ЖШС — 430-ға жуық қызметкерлері бар және «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС — 300-ге жуық қызметкерлері бар.
Ірі кәсіпорындардың жұмыстарын қалыпты жағдайда жүргізуде. Аталған кәсіпорындарда жалақы қарыздары қалыптаспаған. Сонымен қатар, ақылы еңбек демалысына, ақысыз еңбек демалысына, қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өткен, толық емес жұмыс режиміне өткен, қысқартуға ұшыраған қызметкерлер жоқ. Ауданда орналасқан шағын кәсіпкерлік субъектілерінде де жалақы қарыздары, қысқартуға және басқа да жоғарыда аталған режимдерге ауысу фактілері тіркелмеген.
Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мейрамханалар мен кафелерде жұмысшылары қысқарды.
13. Ауданға сырттан келген 462 студент пен 344қонақтардың тізімін жасап, барлығы 806 адамды дәрігерлік тексеруден өткізуге ауруханаға тізімі беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
14. Жаттығу жұмыстарын сыртта жүргізетін спорт нысандарының жұмысы толығымен тоқтатылды, Білім беру, мәдениет, кітапхана, бала-бақша, шағын орталықтар және спорт мекемелерінің от жағу жұмыстары тоқтады;
15. Аудан көлеміндегі мешіт имамдарына төтенше жағдай кезінде жаназа рәсімі барысында адам санын шектеу және тамақ асып, қонақ асын беру мәселелерін уақытша тоқтату (жаназа рәсімінде маскалық режимді қатаң сақтау) тапсырылды;
16. «Жаңатас су-жылу» кәсіпорнынан — 2 суландыру машина (водовоз), «Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінен — 1 өрт сөндіру (противопожарный) машина, «Ветеринариялық қызмет» кәсіпорнынан — 2 ДУК (резервуарлы)автокөлігі, «Техникалық шығармашылық орталық» мекемесінен — 1 трактор тіркемесімен (3 т. цистерна), барлығы -6 арнайы техника жұмылдырылған.
17. Халықтың жекелеген топтарына, яғни өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларына біржолғы көмек көрсету бойынша қаңтар-наурыз аралығында жергілікті бюджет есебінен 13 отбасына және демеушілер есебінен 7 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде тұрмыстық жағдайы төмен 9 отбасына 10-15 мың теңге көлемінде жасалған арнайы азық-түлік себеттері таратылды. Одан бөлек, ерікті жастар қозғалысының күшімен 27 аз қамтылған отбасыға азық-түлік пакеттері (қосымша бетперделер)таратылды.
18. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 23 наурыз күні өткізген республикалық төтенше жағдай комиссиясының отырысында берген тапсырмалары бойынша аудан көлемінде төмендегіше жұмыстар жүргізілетін болады:
— Әрбір қала-ауыл әкімдері Х-жағдайы орын алар болса, әрбір ауылды карантинге жауып, қозғалысты тоқтату шаралары кезінде кемінде 3 вагоннан дайындап қоюды;
— Карантиндік жағдай орын ала қалса, егде жастағы немесе асыраушысы жоқ халық өкілдеріне әлеуметтік (соцпакет, әлеуметтік тауарлар, медициналық құралдар) көмектер көрсету тегін жүргізуді;
— Қауіпсіздік шаралары кезінде шектелген уақыттан тыс жұмыс жасайтын кәсіп иелерін әкімшілік жазаға тарту, айыппұлдар салу жұмыстары қатаңдатылатын болады;
— Кәсіпкерлерге шектен тыс қысым көрсетпеу туралы Президент тапсырмасына сәйкес, шағын дүкендер мен бизнес өкілдері күнделікті тәртіппен жұмыс жасайды. Шектеу тек ірі кәсіпкерлік нысандарға ғана қолданылып отыр.
— Жайылма аулының тұсында орналасқан бақылау бекетінің жұмысын күшейту үшін 1 — жедел жәрдем көлігі, 1-өрт сөндіру көлігі қойылып,аталған бекетке бейнебақылау камералары орнатылды.
— Төтенше жағдай кезінде сақтық шараларын сақтау мақсатында «Жаңатас-Шымкент» тас жолының 23 және 45 шақырымдары толық жабылды.
— Жасы 55-тен жоғары адамдардың жұмысқа шығуына барынша шектеу қойылуда, тек өз еркімен жұмыс істеуге толық мүмкіндігі бар қызметкерлер жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі таңға дейін, аудан аумағында «COVID-19» инфекиясы жұқтырғандар тіркелмеген. Қалыпты жағдай сақталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.