Музей жәдігерлерімен үйде отырып танысуға болады

0
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында короновирусқа қарсы дезинфекция күнделікті жүргізіліп жатыр. Кіреберіс есігінен бастап мекеменің ішіндегі барлық тұтқалары хлорланған дәкелермен оралып,арнайы қол жууға байланысты анти бактериалды сусабындар мен қамтамасыз етілді. Ұжым болып әрқайсы бетперделер тігіп, сақтық шараларына барынша үлестерін қосуда.
Сонымен қатар атламыш індеттің таралмауына байланысты жұмыс тоқтағандықтан, ұжым болып ақылдаса келе халықтың тарихи танымдылығын кеңейту мақсатында жұмысты онлайн түрінде өткізуді қолға алды.
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музей меңгерушісі Эльмира Көкішева: — Қазіргі таңда 5400 жәдігер бар, оның негізгісі – 3050. Онлайн түрінде экскурсия жұмыстарын жоспарлап отырмыз. Экскурсия барысында Сарысу аудандық архиалогиялық картасы, сомен қатар музейдегі залдар бойынша тікелей эфир арқылы таныстырылым жүргізіледі. Құнды жәдігерлер туралы толық мәліметтер әлеуметтік желіге салынуда. Әлеуметтік желіде бейне ролик ретінде салып, осы күнге дейін өткен уақытылы даталар күндерге байланысты іс шаралар бойынша да ақпараттарды әлеуметтік желі арқалы көруге болады.
Сәуір айынан бастап әр аптаға музей залдарына онлайн түрінде және тікелей эфир ретінде қамтамасыз ете аламыз,-дейді бұл расында да өте қуанарлық жаңашылдық. Жаңашылдыққа жаны құштар осындай азаматтардың іскерлігі қиын сәттерде де бағаланып, қолдауға ие болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.