Қауіпті дертке қоғам болып қарсы тұруда

0
Елімізде індетке қатысты төтенше жағдай енгізілгелі волонтерлер бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқара бастады. Жастар карантин кезінде аймақ тұрғындарына әлемді дүрліктірген індет туралы ақпарат беріп, вирустан қорғану жолдарын түсіндіріп, насихат жүргізіп жүр.
Сарысу ауданы бойынша 10188 жас бар. Оның 5640 жасы Жаңатас қаласында тұрады. Жастар ресурстық орталығының орталығы кызметкерлері бетперде тігу жұмыстарын бастады. Кейбір жас еріктілер үйлерінен тігіп өз қалауларымен әкеліп беруде. «Волонтерлер пандемия кезінде қолдан келгенше көмек көрсетуге әзір» — дейді орталық басшысы Жадыра Жұмағұлова.
Жалпы, ауданда ерікті азаматтардың қолдауымен медициналық маскалар көптеп тігіліп, тегін таратылуда. Осындай еріктілердің бірі Жаңаталап ауылдық округінде де көрініс тауып, ауылдықтар бір кісідей басқосып жақсылыққа құштарлықпен атсалысуда.

Бетперделер тігіп отбасыларынан бастап, қажет ететіндерге беруді жоспарлауда.
Аудан орталығынан шалғайда жатқан Қамқалы ауылдық округіне Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдары қарайды. Қазіргі таңда 167 аула,865 адам бар. Табиғаты ерекше ауылда ауызбірлік пен ынтымақ берік орнаған.
Округ әкімдігінің қолдауымен бетперде тігу ісіне кіріскен Маханова Елік, Айдарбекова Жанай, Мұханова Алтынай, Абилдаева Гулайым, Тілеуқылова Динара, Жамбылбекова Зина, Ишкалова Света, Айдарбекова Жанат, Асанова Гүлнар есімді ауылдық қыз-келіншектер бүгінгідей елді елеңдеткен қиын-қыстау кезде де ауылдықтар біркісідей ұйымшылдықпен жеңеміз деп отыр.
Жаңарық ауылдық окрігіне Ұ.Сыздықбайұлы және Ақтоғай ауылдары кіреді. Бүгінде екі ауыл бойынша 1626 адам тұрады. Осы аталған екі ауылда да күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар бетпердемен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды. Ауылдық округ әкімдігі аппаратының қолдауымен бетпердеге қажетті материалдармен қамтылып, ауылдық еріктілер өз қалауымен қажеттіліктерін өтеуде. Бетперде тігіліп, керек жандарға тегін таратылуда.
Осындай шара барлық қала және ауылдық округтерде жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.